Тарихты қанша оқып, ізденсек те біз білмейтін қаншама қызық бар. Бүгінде оқушылар мен талапкерлер ҰБТ-ға қызу дайындық үстінде. Мына тарихи деректер ұлттық тестілеуде көп кездеспесе де, қажет ақпарат деп біліп, сіздерге ұсынуды жөн көрдік Ежелгі Отырар кітапханасында 500 000 қолжазба қоры болған. Ол әлемдегі Александрия кітапханасынан (700 000 қолжазба) кейінгі екінші орында. Пугачев өзін "III Петр" деп атаған. Иван Грозный Ермакты Сібірді бағындыру мақсатында жіберген. Қаратау қорығы 2004 жылы ашылған. Медеу мұз айдыны 1971 жылы қолдануға берілді. КСРО-да атом бомбасын Курчатов тобы ойлап тапты. Әбу Али ибн Сина - әлемнің үшінші ұстазы. Семей бұрын "Жетішатыр" деп аталған. Ленинград 900 күн қоршауда болған. Сталинградты алу кезінде неміс штабын Генерал Паулиус басқарды. Фирдаусидің шын есімі - Әбілқасым. Мұхтар Әуезов - қазақтың тұңғыш филология ғылымдарының докторы. Қазақтың тұңғыш профессоры - Құдайберген Жұбанов. "Самұрық" ұлттық қоры 2006 жылы құрылды. Қазығұрттың басында кеме қалған, ол әулие болмаса неге қалған (халық жыры). Сақ ғұламасы Анарыс (Анахарсис) б.з.б. 620-555 жылдар аралығында өмір сүрген. Қара теңіздің бойындағы скифтер сақтардың кемер тайпасының ұрпақтары. Сақтардың тиграхауда, парадария және хаомаварга болып үшке бөлінгені туралы парсылардың Ахамендік сына жазуында таңбаланған. Алтын адамның бас киіміндегі 4 найза 4 бағытты (батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстік) білдіреді. Қазақстан Қысқы Азия ойындарында 32 алтын иемденіп, біріншілікті бағындырды. Қой - оғыздардың тотемі. Рафаель Санти Аттилланың жорықтарын суреттеген Еуропадағы жалғыз суретші. Батыс ғұндардың жалауының түсі сары болған. Катапультаны ғұндар Аспан асты елін бағындырар кезде ойлап тапқан. Түркілердің ежелгі өрбіген атамекен жері Алтай болған. Қажы Тархан - Астраханның ежелгі атауы. Түркі руна жазуы Қазақстанның Тараз қаласынан табылды. М.Қашқари мен Ж.Баласағұнның бірге тұрған ескерткіші Бішкек қаласында қойылған. Абд ул-Әзиз ибн Шараф Әд-Дин - Тайқазанды құйған кісі. Есім ханды "Еңсегей бойлы ер Есім" деп Қазанғап атаған. "Амангелді" фильмінің сценарийін Ғабит Мүсірепов жазған. Шығай хан Бұқараның Құмышкент деген жерінде жерленген. Үш бәйтерек: С.Сейфуллин И.Жансүгіров Б.Майлин Алыптар тобы: М.Әуезов С.Мұқанов Ғ.Мүсірепов Ғ.Мұстафин Бес Арыс: М.Жұмабаев Ж.Аймауытов М.Дұлатов А.Байтұрсынов Ш.Құдайбердіұлы Қазақтың тұңғыш алты академигі: Қ.Сәтбаев М.Әуезов Ә.Марғұлан Т.Тәжібаев І.Кеңесбаев Ә.Бектұров Ернес Төрехан "Аттила" кітабының авторы. Қаржаубай Сартқожаұлы "Орхон жазбалары" еңбегінің авторы. Қойшығара Салдарұлы "Көне түркіжазбалары" атты монографиясының авторы. "Құтты Білік" (1069 жылы) пен "Диуани Лұғат ат-Түрк" (1074 жылы) шығармаларын қазақшаға аударған Асқар Егеубаев. Құлмат Өміралиев оғыздардың тілі мен эпосын зерттеген. Сұлтан Бейбарыс Дамаскінің әз-Захария кітапханасының жанында жерленген. Тұрсын Жұртбай "Дулыға", "Талқы" мен "Ұраным Алаш" еңбектерінің авторы. Мурат Аджи қыпшақ тарихын арнайы зерттеуші ғалым. Болат Көмеков - "Қыпшақтану" ғылыми-зерттеу орталығының директоры. Лев Гумилев - Батыс Түрік қағанатын арнайы зерттеген шығыстанушы ғалым. Әлкей Марғұлан мен Кемел Ақышев - үйсіндер тарихын толық зерттеушілер. Әлкей Марғұлан "Ежелгі жыр-аңыздар" атты монографиясында ғұндардың эпосын зерттейді. Қойшығара Салғарин "Таным танмақтар" еңбегінде ғұндар туралы деректер береді. Әуелбек Қоңыратбаев 1986 жылы "Қорқыт ата" кітабын қазақшаға аударды. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы 1978 жылы құрылған. 1910 жылы 31 желтоқсанда ҚР Ұлттық Кітапханасы ашылды. А.Машани - "Әл-Фарабитану" ғылымының негізін салушы. А.Югнекидің "Ақиқат сыйы" еңбегін Е.Құрысжанов қазақша сөйлетті. Әл-Хорезмидің "Мухаббатнамесін" Алма Қыраубаева зерттеген. Н.Далбай және Қ.Жарылғапов - 2009 жылы 22 қарашада ашылған Астанадағы Қазақ елі монументінің авторлары. М.Тынышбаев "Ақтабан Шұбырындыны" ғылыми айналымға енгізді. Ислам Жеменей "Тарихи-Рашиди" еңбегін қазақшаға аударды. Ғани Мұратбаев тұңғыш КСРО-ның комсомол сыйлығын алған қазақ. Олжас Сүлейменов тұңғыш Ленин комсомолы сыйлығын алған қазақ. Шығармалары: Азия (1975 жылы), Адамға табын, Жер, енді (1961 жылы), Таңбалар тілі (2005 жылы). Ең алғашқы шығармасы - Арғымақ. "Қазақ әдебиеті" газетінің алғашқы саны 1934 жылы 10 қаңтарда шықты. Бас редакторы - Ғабит Мүсірепов. 1928 жылы ақпанда қазіргі "Жұлдыз" журналы жарық көрді. Бас редакторы - Сәкен Сейфуллин. Сасбұқа - Жеті Жарғыны жасауға қатысқан қырғыз биі. Березин - "Түркі хрестоматиясы" (1876 жылы) Ы.Алтынсарин - "Қазақ хрестоматиясы" (1879 жылы) Радлов - "Қырғыз хрестоматиясы" (1883 жылы) Шоңби Едігеұлы - қарадан шыққан тұңғыш аға сұлтан. Бұқар жырау алты алашқа қазақ, ноғай, башқұрт, қарақалпақ, қырғыз, татарды жатқызады. Жоңғарлар 4 тайпадан тұрды: қошут, дүрбіт, шорос, торғауыт. Кенесары хан туралы жазылған тарихи романдар: М.Әуезов "Хан Кене" (1928 жылы), 1934 жылы сахналанды. Қ.Бекхожин "Науан батыр" Қ.Аманжолов "Көкшетау" Н.Ахметбеков "Жасауыл қырған" М.Сералин

Теги других блогов: оқу тарих ҰБТ